Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Elorda.info
«ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлауынша, Ақмола облысында «Щучинск-Зеренді» 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77 шақырым.
Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100 шақырым аралық. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар күре жолдарда 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды.
-->«ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлауынша, Ақмола облысында «Щучинск-Зеренді» 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77 шақырым.