eGovMobileBussiness қосымшасында заңды тұлғаларға арналған жаңа қызмет іске қосылды
Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «eGovMobileBussiness» мобильдік қосымшасында «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» қызметін іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған қызмет ұйым басшыларының өз қызметкерлеріне сенімхаттар ұсыну процесін айтарлықтай қысқартады және тездетеді.
Енді заңды тұлғалардың басшылары онлайн түрде электрондық-цифрлық қолтаңбаны қою арқылы өз қызметкерлеріне жеңіл әрі қауіпсіз түрде сенімхаттарды бере алады, бұл ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды тиімді, ашық және ыңғайлы етуге ықпал етеді.
-->
Аталған қызмет ұйым басшыларының өз қызметкерлеріне сенімхаттар ұсыну процесін айтарлықтай қысқартады және тездетеді.
«Бұрын заңды тұлғалардың басшылары сенімхаттарды тек қағаз түрінде рәсімдеді, бұл көлікке және кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт және қаржы шығындарын талап ететін, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмады», - деді Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.