Әртүрлі

eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

Білім туралы құжаттарды тану қызметі енді eGov mobile мобильді қолданбасында да қолжетімді. Бұл азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

Сонымен қатар, бұл қызмет жоғалған құжаттардың телнұсқаларын алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Осы арқылы пайдаланушылар бұрын алған білімдерін растайтын куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған білімдерін растайтын құжатты қалпына келтіре алады немесе шетелде білім алғанын растай алады.

Қызметті пайдалану үшін:

- eGov мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Қызметтер» – «Білім» бөліміне өту қажет;

- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдау керек;

- қажетті өрістерді толтырып, құжаттарды тіркеу және дербес деректерді пайдалануға келісім беру қажет;

- өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қоюға болады.

Нәтижені пайдаланушы қолданбаның Жеке кабинетінде бақылай алады.