Egov mobile қосымшасында «Заң мен тәртіп» деген жеке батырма пайда болды (ВИДЕО)
Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» жаңа цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Egov mobile қосымшасында осы атаумен арнайы батырма орналастырылған. Оны бассаңыз – полицияға шағым жолдауға арналған форма бірден ашылады.
Енді құқықбұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол апаты, балаға қатысты оқыс жағдай немесе қоғамдық тәртіпті бұзу туралы полицияға бір ғана батырма арқылы хабар беруге болады. Қоңырау шалудың немесе бөлімшеге барудың қажеті жоқ.
Жолданған өтініш жедел қабылданып, тәртіп сақшылары дереу шара қолданады.