Әртүрлі

Эгей теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Эгей теңізінде магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Elordainfo.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте болған.

Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:37-де тіркелген.