Мұхтар Түменбай: Егемендігіміз мың жылдық болсын
Белгілі жазушы-журналист Мұхтар Түменбай қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті қазақстандықтар!
Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! Егемендігіміз мың жылдық болғай! Қазақ елі ешкімге бас имесін, ешкімге иілмесін. Ешкімнің алдында кіріптар болмасын!
Қашанда азат елдің арда азаматтары, ұл-қыздары аман болсын! Еліміз мәңгілік болсын!» - деді Мұхтар Түменбай.