ЕАЭО-да халықаралық спорттық шараларға қажетті тауарларды өткізу тәртібі жеңілдетілді
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ресми халықаралық спорттық іс-шараларда пайдалануға арналған тауарларды өткізу ерекшеліктері, оларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттары және оны қолдану тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енді. Жаңа тәртіпке сәйкес ресми халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған спорттық жабдықтар, құрылғылар және өзге де тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын болады, деп хабарлады Elorda.info Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл шешім шетелдік тауарларға да, ЕАЭО елдерінде өндірілген және үшінші елдерге әкетілетін тауарларға да қатысты.
Егер спорттық іс-шаралар өткізілетін елде тауарлар алынып тасталса немесе қамауға алынса, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады және мұндай тауарлармен одан әрі іс-қимылдар осы елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, шешім акцизделетін тауарларды, құрылыс және әрлеу материалдарын, сондай-ақ әкелуге рұқсат беру тәртібіне жататын тауарларды қоса алғанда, оңайлатылған рәсімге жатпайтын тауарларды айқындайды. Бұл шешімді іске асыру спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушылары мен қатысушылары үшін әкімшілік кедергілер мен шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
-->Бұл шешім шетелдік тауарларға да, ЕАЭО елдерінде өндірілген және үшінші елдерге әкетілетін тауарларға да қатысты.
«Негізгі өзгерістерге әкімшілік процестерді жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді азайту және тауарларды тіркеу, бақылау және сертификаттау ерекшеліктері кіреді. Мысалы, команда мүшелерінің тұтынуына арналған жануарлардан алынатын тауарларды (таңбасы бар зауыттық қаптамада және салмағы 5 килограмнан аспайтын) әкелу үшін рұқсат және ветеринариялық сертификаттар талап етілмейді», - деп көрсетті Сауда және интеграция министрлігі.