Дубайға ұшу уақыты ұзарады – Air Astana
Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуды орындауға шешім қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы компания Telegram-дағы арнасында хабарлады.
«Осыған байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады. Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады», - делінген хабарда.