Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарнаның жобасына қатысты
8 маусымда CCTV-1 арнасы Қытайдың Орталық радио және теледидары Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе отырып, Қытай мен басқа да шетелдер арасындағы кең ауқымды халықаралық мәдени алмасу мақсатында жүзеге асырған «Сұлулық пен үйлесімділік» жобасының жаңа бөлімін көрсетті, деп хабарлады Elorda.info dimashnews.kz-ке сілтеме жасап.
Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда, менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін, - деп жылы лебізбен Димаш жанкүйерлерін бағдарламаны тамашалауға шақырды.
Сол жоба кешінде Димаштың бірнеше жылдан бері жеке концерттерінің негізі болған ерекше күш пен қайратқа толы «Golden» әні жобаның сахнасында тағы да шырқалды.
Ал халықаралық ынтымақтастық ретінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдан келген Сучжоу жастар симфониялық оркестрінің хоры POLY WeDo сүйемелдеуімен әйгілі «You Raise Me Up» композициясын ұсынды.
Еске сала кетейік, Димаш өткен жылдың қазан айында өткен «Сұлулық пен үйлесімділік» жобасының премьера бөліміне қатысқан болатын. Одан кейін атақты пианист Ланг Лангпен бірге композитор Синь Синхайдың «Сары өзеннің қайықшысының әні» атты фортепианолық концертінің бірінші бөлімінің фрагментін орындап, қазақтың халық әні «Дударайды» төл дәстүрлі нақышта және джаз-фанк стилінде ұсынды.
-->Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда, менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін, - деп жылы лебізбен Димаш жанкүйерлерін бағдарламаны тамашалауға шақырды.