Әртүрлі

Әділетті Қазақстан тәуелсіз және ашық сот жүйесімен ғана құрылады – сенатор

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде тәуелсіз, ашық және тиімді сот жүйесі болмайынша Әділетті Қазақстанға қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.

Сенатор Айнұр Арғынбекова өз кезегінде Палатаның алдында сот жүйесін одан әрі реформалау жөнінде ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Парламентаризм институтының, Республикалық адвокаттар алқасының және басқа да ұйымдардың өкілдері де баяндама жасады.

Сенатор Нұрлан Бекназаров дөңгелек үстел соңында шара барысында айтылған ұсыныстар пысықталып, депутаттардың сот жүйесін жетілдіру жөніндегі алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.

-->

Мемлекет басшысы әділетті әрі тура сот төрелігі құқықтық мемлекеттің маңызды өлшемшарты екенін атап өткен болатын. Сот тартысты өтуі керек, ал судья айыптау аясынан тыс болуы тиіс. Ол үшін адвокат пен прокурордың тепе-теңдігі қамтамасыз етілуі қажет. Осылайша, сот ісін жүргізудегі маңызды әділетті талаптың бірі – тараптардың толық құқықтық теңдігі мен бәсекелестік қағидаттары негізінде жүзеге асыру болып табылады. Жарыспалық – бұл қорғау құқығынан ажырамас, оны жүзеге асыруға және шындықты ашуға кепілдік беретін шынайы демократиялық қағидат, - деді Нұрлан Бекназаров.

Сенатор Айнұр Арғынбекова өз кезегінде Палатаның алдында сот жүйесін одан әрі реформалау жөнінде ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Біздің еліміз адам құқықтары мен оның заңды мүддесінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін барынша қамтамасыз ету жолымен тараптардың тартысты және тең құқықтылық қағидатын дамытуды жалғастыру, сондай-ақ айыптаушы көзқарастан арылу қажет, - деді депутат.