Әділет министрлігі алимент өндіру бойынша тұрақты бақылау жүргізеді
Қазіргі уақытта алимент өндіру бойынша 319 мың іс қозғалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Борышкерлердің көпшілігі ер адамдар – 310 мыңнан астам, ал 8 мыңнан астамы әйелдер. 13 мың атқару өндірісі бойынша қарыз 18,5 млрд теңгені құрайды.
«Көп жағдайда алименттік төлемдер жұмыс берушілердің есеп бөлімдері арқылы ай сайын өндіріледі. Банк шоттарына, мүлкіне тыйым салу және елден шығуға уақытша шектеу қою сияқты шаралар қолданылады», – деді ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар борышкерлерді жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында әділет органдары мен әкімдіктердің бірлескен жұмысының арқасында 3 077 борышкер жұмысқа орналастырылды.