Әртүрлі

Депутаттар Ұлттық ұланның жедел бригадасына барды

Сенат депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Алишер Сатвалдиев ІІМ Ұлттық ұланының Шымкентте 6506 әскери бөліміне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сапардың негізгі мақсаты - осы өңірде орналасқан әскери құрылымның тыныс-тіршілігімен және міндеттерімен танысу. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов депутаттарға қызметтік-жауынгерлік қызмет, күштер мен құралдардың көлемі және даму перспективалары туралы айтты.

Сапар барысында қонақтар әскери бөлімнің ұйымдық-штаттық құрылымымен, арнайы бөлімшелердің киім-кешектерімен, атыс қаруы мен арнайы құралдардың үлгілерімен танысты.  

Сондай ақ депутаттар бөлімнің асханасына барып, онда мерзімді қызмет сарбаздарының тамақ мәзірін көрді.  

Бұдан әрі халық қалаулылары Жауынгерлік Даңқ бөлмесіне барып, жедел бригаданың тарихымен танысып, құрметті қонақтар кітабына естелік жазбалар қалдырды.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар әскери бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру мақсатында материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге  қатысуға дайын екендіктерін білдірді.