Әртүрлі

Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 6-8 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Одан бөлек, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жауын-шашынға қарамастан, елде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады: республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында +20...+28°С шамасында; оңтүстік-шығыста +25-тен +33°С-қа дейін; республиканың батысы мен оңтүстігінде +33...+40°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.

-->