Демалыс күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі
Маусымның 8-і мен 10 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы +35+42°С болады, деп хабарлады Elorda.info «Казгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылып тұрады. Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
-->Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылып тұрады. Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды,-делінген хабарламада.