Әртүрлі

Демалыс күндері түнде 5-10 градусқа дейін аяз болады

Бүгін ертең еліміздің басым бөлігінде  тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Elorda.info

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстігінде қар жауып, қарлы боран болады.

Атлантикалық циклон бірте-бірте солтүстік-шығысқа, ал оның артына елдің оңтүстік-батысынан антициклон жылжиды, осылайша, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ауа температурасы қысқамерзімді төмендеуі мүмкін. Түнде солтүстік облыстарда 5-10 аязға дейін күн суытады, - деп мәлімдеді синоптиктер.

Сонымен қатар еліміздің біраз бөлігінде жауын-шашын болады. Аяз болып   қар жауады. Жел қарлы боранмен күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал температура фонында күрт өзгерістер болмайды. Көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанатын оңтүстік өңірлерде күн жылы болады.