Әртүрлі

Демалыс күндері елімізде найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауады

Алдағы демалыс күндері синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болатынын болжап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанды, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай күтіледі.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 градусқа дейін, шығыста, орталықта 8-18 градусқа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтілуде.