Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстік облыстарында да ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліментінше, Солтүстік-Батыс антициклоны Қазақстан аумағы арқылы ауысады. Соның нәтижесінде елімізде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Антициклон әсерінен Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында түнгі уақытта аяз болады. Яғни ауа температурасы айтарлықтай түседі деп болжануда.