Әртүрлі

Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Синоптиктер 18-20 қараша аралығына арналған ауа райына қатысты осындай болжам жасап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» берген мәліметке сәйкес, алдағы күндері белсенді Солтүстік циклонының әсерінен елдің басым бөлігі жауын-шашынды болады.

 Мәселен, 18 қарашада — солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада — еліміздің шығысында қатты жауын-шашын жауады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас  қар жауады.

Сондай-ақ елдің  солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын болады.

20 қарашаға қарай солтүстік-батыс антициклонына байланысты суық ауа массалары келеді. Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Осы циклонның салдарынан  солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 градусқа дейін аяз. Күндіз -  7 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 8-16 аяз, күндіз 2-10 гралус аяз жүреді.   

Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді.

-->