Демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді
Жылдың соңғы күндерінде елдің басым бөлігінде күн жылына түседі. Атлантика аймағынан келетін келесі циклон салдарынан қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлады Elorda.info.
-->Жылдың соңғы күндерінде елдің басым бөлігінде күн жылына түседі. Атлантика аймағынан келетін келесі циклон салдарынан қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ауа температурасы түнде солтүстікте - 5-15-тен 0-5 градусқа дейін, орталықта - 5-15-тен 0-5-ке дейін көтеріледі, оңтүстікте - 3-11 градусқа жетеді. Батыста – 3 аяз – 2 жылы, шығыста – 0-10 аяз, оңтүстік-шығыста – 2-10, таулы аймақтарда – 12-17 аяз, күндіз республиканың солтүстік жартысында 5 аяз - 2 жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус нөлден жоғары, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады, деп хабарлады синоптиктер.