Әртүрлі

Дәулеткерей Кәпұлы: Азаттық – аса тәтті ұғым

16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Азаттық –   аса тәтті ұғым. Өйткені біздің ата-бабаларымыздың жан алысып, жан беріскен, яғни арпалысқан күндерінің барлығы біздің бүгінгі тәуелсіз қазақтың ұрпағының –   еншісінде. Сондықтан Тәуелсіздік мерекесімен барша қазақ жұртын құттықтаймын. Мемлекет  –  біреу ғана. Ал оған тіреу болатын –   әрбір қазақ. Әрбір қазақтың жаны, әрбір қазақтың жүрегі азаттық деп соғуы керек. Еркіндік деген дүние біздің миымызда да, жүрегімізде де көзіміздің қарашығындай сақталуы керек деп ойлаймын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Жалпы біз әр жұтқан ауамызға, әр көрген жарқын сәтімізге Тәңірге тәуба айтуымыз керек. Азаттық – бабалардың аманаты. Мұны біз естен шығармауымыз қажет. Ал аманатқа қиянат жасауға біздің  хақымыз жоқ. Сол аманатты біз аман сақтауымыз керек. Жасай берсін азаттық», - деп сөзін түйіндеді Дәулеткерей Кәпұлы.