Cу саласы мамандарының төртінші легі Қытайға оқуға аттанды
Cу саласының төртінші тобы Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтуді бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Осылайша биыл Қытайда оқудан 125 маман өтті.
Курстар қабылдаушы тараптың есебінен ұйымдастырылып, оқыту процестері Power China компаниясының кәсіпорындарында жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен бұл бағдарламаны келесі жылы да жалғастыруға келісім жасағанын еске сала кетейік. 2026 жылы Қытайда 200 қазақстандық маман білімін жетілдіреді деп күтіліп отыр.
«Қытай Халық Республикасымен бірлескен бұл бағдарлама – Мемлекет басшысының отандық су шаруашылығы саласының кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар біз өзге елдерде де осындай оқыту бағдарламаларын іске қосу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл – біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі, сондықтан шетелдік делегациялармен әрбір кездесуде осы мәселені көтереміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.