Былтыр жол апатынан 2,5 мыңнан астам адам көз жұмған
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ оның айтуынша, жол ережелерін бұзғаны үшін 360 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-->Былтыр еліміздің жолдарында 2,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Жолдағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ жол апатының алдын алу бойынша шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Оның ішінде республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Акцияны өткізуге 9,5 мың полиция қызметкері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың мыңға жуық өкілі жұмылдырылды, - деді спикер.
Сондай-ақ оның айтуынша, жол ережелерін бұзғаны үшін 360 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Патрульдік машиналарда орнатылған автоматтандырылған бақылау құралдарымен жылдамдық режимінен асып кетудің 87 мыңнан астам фактісі анықталды. 9 мыңнан астам көлік айыптұрағына қойылды, - деді ресми өкіл.