Былтыр елімізде 514 фильм түсірілді
2024 жылы Қазақстанда 514 фильм түсірілді – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 127 артық., деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның 18% толық метражды фильмдер, ал қалған 81,9% – қысқа метражды.
- 175 – ойын
- 215 – деректі фильм
- 83 – анимациялық
- 41 – хроникалық
Түсірілген фильм санының артуына қарамастан, нарықтағы киностудиялардың саны 2023 жылғы 98-ден 2024 жылы 80-ге дейін қысқарған.
Толық метражды киносеанстарға барғандардың жалпы көрсеткіші 23 млн құрады, бір жыл ішінде көрсеткіш 11,2% өсті. Оның ішінде барушылардың 53% шетелдік фильмдерді көрген, бұл 12,2 млн көрермен. Ұлттық фильмдерге барған көрермен үлесі 43%, ал бірлесіп түсірілген фильмдерге барғандар үлесі – 4,8%.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында 113 кинотеатр жұмыс істейді, олардың көпшілігі Республикалық маңызы бар ірі қалаларда орналасқан: Алматыда – 22, Астанада – 11, Шымкентте – 7 бірлік. Тиісінше, көрермендердің басым көпшілігі осы қалаларға тиесілі – Алматыда 7,8 млн, Астанада 4 млн және Шымкентте 1,9 млн көрермен болған.