Былтыр елімізде 5 мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңы пайда болған
Былтыр елімізде 5683 заңсыз қоқыс алаңы пайда болған. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ғарыштан жасалған мониторинг аясында 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-ы немесе 4 331-і жойылды.
Сондай-ақ, Айдар Абдуалиев заңсыз қоқыспен күресті сылбыр жүргізіп жатқан өңірлерді атады.
-->Былтыр елімізде 5683 заңсыз қоқыс алаңы пайда болған. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ғарыштан жасалған мониторинг аясында 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-ы немесе 4 331-і жойылды.
Стихиялық қоқыс үйінділерінің ең көбі Ақмола (830), Қарағанды (745) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (551) тіркелд, - деді ол.
Сондай-ақ, Айдар Абдуалиев заңсыз қоқыспен күресті сылбыр жүргізіп жатқан өңірлерді атады.
Осындай үйінділерді жоюдың ең төмен көрсеткіші Абай (10%), Ұлытау (15%), Батыс Қазақстан облыстарында (56%) және Астана қаласында (52%) тіркелді, - деді ведомство өкілі.