Әртүрлі

Бурабай курортына жолаушылар ағымы 30%-ға артты

Бурабайға маусым айында Ұлттық тасымалдаушының электр пойыздарымен 49 мыңнан астам адам тасымалданды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары, өткен жылы теміржол қызметін шамамен 34 мың жолаушы пайдаланған болатын.

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін биыл Ұлттық тасымалдаушы «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жоғары жылдамдықты №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты» учаскесіндегі электр пойызының жүру уақытын 2,5 сағатқа дейін қысқартты. Электр пойызы аптасына бес рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде №7509/7510 «Павлодар-Астана» жоғары жылдамдықты электр пойызының бағыты Көкшетау мен Бурабай курортына дейін ұзартылды (пойыз №6805/6806). Пойыз аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері жүреді.

Бұл шаралар Бурабай курортына жолаушылар ағымының артуына ықпал етті. Биыл Бурабайға теміржол көлігімен 125 мың жолаушы тасымалдау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Бурабайға күнделікті №6829/6830 «Астана-Көкшетау» жүреді. Одан бөлек Астана-1 станциясынан №7553/7556, №6811/6812 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» пойыздары және Нұрлы жол вокзалынан №7507/7508 «Астана-Көкшетау» пойызы қатынайды.

Жолаушыларға қолжетімді болу үшін электр пойыздарының билет құны 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығын құрайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында 10 күннен 1 күнге дейін сатып алуға болады.
 
-->