Бурабайда «Кемел жігіт – күйеу бала» ұлттық зияткерлік курсы ұйымдастырылды
Бурабай ұлттық паркіндегі «Жеті қазына» этно-ауылында «Кемел жігіт – күйеу бала» атты ұлттық зияткерлік курсы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған курсты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Курсың мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылық пен тарихи сананы жаңғыртып, қазақы болмыс пен салт-дәстүрді дәріптеу.
Мән-маңызы зор іс-шара екі күнге жалғасады. Тәрбиелік курсқа барлығы 60 бала қатысып, олар өзара «Қобыланды батыр», «Алпамыс» және «Қабанбай батыр» топтарына бөлінді.
Арнайы бағдарламаға сәйкес, курстың алғашқы күні «Қазақ тарихы және салт-дәстүрлер», «Ұлттық тәрбие мақал-мәтелде», «Жігіттің үш жұрты» атты теориялық дәрістер өткізілді.
Ал ертең қатысушылар мал сою, оны жіліктеу, тұздау, үйіту әдістемесі, ет турау, табақ тарту сынды шеберлік сағаттарына қатысатын болады. Сондай-ақ жылқының қасиеттері, ат әбзелдерімен танысып, атқа мініп, садақ атып үйренеді.
Курс барысында өз саласының үздік мамандары «Ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызы», «Күйеу баланың рөлі мен міндеттері» тақырыптарында семинар өткізеді. Дәріскерлер қазақ тарихындағы күйеу балаға деген сыйластық, күйеу баланың отбасындағы міндеттері, орны, қазіргі күні күйеу баланың ағайынмен қарым-қатынас жасаудағы кемшін тұстары, ұлттық құндылықтарды сақтауы, туыстық атаулар турасында жастармен пікірлеседі.
Курс қорытындыланған соң қатысушыларға сертификат, естелік-сыйлықтар мен жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының төрт томдығы табысталады.
-->Аталған курсты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Курсың мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылық пен тарихи сананы жаңғыртып, қазақы болмыс пен салт-дәстүрді дәріптеу.
Мән-маңызы зор іс-шара екі күнге жалғасады. Тәрбиелік курсқа барлығы 60 бала қатысып, олар өзара «Қобыланды батыр», «Алпамыс» және «Қабанбай батыр» топтарына бөлінді.
Арнайы бағдарламаға сәйкес, курстың алғашқы күні «Қазақ тарихы және салт-дәстүрлер», «Ұлттық тәрбие мақал-мәтелде», «Жігіттің үш жұрты» атты теориялық дәрістер өткізілді.
«Бүгінгі іс-шараның жастарымызға берері мол. Курста ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, балалар салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасын түсінетін болады. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде де осындай іс-шаралар көбірек ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын. Игі іс жалғасын таба берсін. Біздің еліміздің ертеңін тәрбиелеуге қашанда үлес қосып жүрелік», - деді «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры, этнограф Шәкен Тұрар.