Болат Жақанов: АЭС - болашақ генерация көзі
АЭС - электр энергиясының тапшылығын қысқартуға, тарифтердің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізудің сенімді тәсілі. Өйткені көмір станцияларының экология мен адам денсаулығына әсері теріс.
Бүгінде дүниежүзі бойынша 400-ден аса АЭС болса, елімізде салынатын АЭС үлгісі негізінде 200-ден аса станса жұмыс істеп тұр және жобаланған атом станцияларында бүгінге дейін бірде бір апат болмаған. Еліміздің оңтүстік аймағы – өңірлер ішінде ең ірі электр энергиясын тұтынушылардың бірі, мұнда өзінің генерациялау қуаты бойынша энергия тапшылығы қатты сезіледі. Сол себепті Алматы облысындағы Үлкен ауылында АЭС салу өңірді тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, осы тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда жаңғыртылған энергия көздері белсенді дамып келеді, олардың тиімділігі әртүрлі факторлардың үйлесуіне байланысты. Электр желісінің тұрақтылығы үшін көмір және атом станциялары сияқты сенімді тұрақты базалық көздер қажет.
Дүниежүзі бойынша жаңа реакторларды салуға 40 жоба өзінің келісімін алған болатын. Бұл – үлкен көрсеткіш. Бүгінгі таңда 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін бізде тиісті генерация көздері болуы керек. Сондықтан өзге мемлекеттерді көріп, энергетика саласының қалай дамып жатқанына тиісті баға беріп, біз атомдық станция - болашақ генерация көзі деген тұжырымға келуіміз керек.
Болат Жақанов,
«Астана РЭК» АҚ сенім қызметінің бастығы,
ҚР Еңбек сіңірген энергетигі