«Болашақ» бағдарламасының шартына онлайн қол қою мүмкіндігі енгізілді
Шарттарға қол қою стипендиаттар мен кепілгерлердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, TrustContract сервисі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір қол қоюшыға SMS хабарлама арқылы шарттың мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.
Тағылымдама бағыты бойынша «Болашақ» стипендиясының иегерлері үшін де онлайн келісім-шарттар жасау процесі қолжетімді.
Жақында магистратура және докторантура бағыттары бойынша «Болашақ» стипендиаттары үшін де келісім-шарттарға цифрлық қол қою қолжетімді болады. Қазіргі уақытта кепіл мүлкін цифрлық тіркеу процесі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен пысықталуда.
-->Шарттарға қол қою стипендиаттар мен кепілгерлердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, TrustContract сервисі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір қол қоюшыға SMS хабарлама арқылы шарттың мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.
Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бизнес-процестерді оңтайландырып, бюрократиялық процедураларды азайтып, цифрлық форматқа көшуде. Жұмыс тобы ғылыми тағылымдамадан өтушілердің келісім-шартқа отыру процесін жедел цифрландыру міндетін қойған болатын. «500 ғалым» бағдарламасының жеңімпазы болып төртінші лекте 481 ғалым атанды және олардың барлығы бірнеше кепілгерлермен бірге келісім-шарттар жасасу үшін өз аймақтарынан Астанаға келіп, жол жүруіне, тұруына және кезекке тұруына жеке қаражатын жұмсаушы еді. Енді бүкіл процесс бір-екі күнге созылып, ыңғайлылық пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек.