Әртүрлі

«Біз сені қатты күтудеміз»: Мейрамбек Бесбаевтың жары қуанышты жаңалығымен бөлісті

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Басбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын!», - деп жазды Мархабат Бесбаева.