Әртүрлі

Биыл жазда пойызбен 4 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

Жаз айларында пойыздармен 4 миллионнан астам жолаушы жолға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең жоғары сұранысқа ие бағыттар қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Түркістан және Алакөл қалалары болды.

Маусымдық сұранысты қамтамасыз ету үшін 13 қосымша пойыз ұйымдастырылды. Алакөлге баратын жолаушылар үшін арнайы пойыздар Астана–Достық, Алматы–Достық, Семей–Шар–Достық, Өскемен–Ақтоғай–Достық, Қызылорда–Достық және Павлодар–Достық бағыттарында іске қосылды.

Жазғы маусымның маңызды оқиғаларының бірі – Burabay Express №888/887 жаңа электр пойызының «Астана – Бурабай Курорты» бағыты бойынша іске қосылуы. Құрам алты вагоннан тұрады, үш түрлі қызмет көрсету класы ұсынылған: бірінші, «комфорт-плюс» және стандарт. Бұл электрпойызда Қазақстанда алғаш рет жоғары жылдамдықты Starlink интернеті енгізіліп, жолаушыларға сапар барысында тұрақты байланыс қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, вагон паркін жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Тамыз айында халықаралық Алматы–Саратов бағытына 30 жаңа вагоннан құралған құрам пайдалануға берілді. Бұл шешім жолаушылардың сұранысын қанағаттандырып, халықаралық тасымалдарда қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартты.

2025 жылдың басынан бастап, оның ішінде жазғы кезеңде, 352 мың мүмкіндігі шектеулі жолаушы және 1,2 миллионнан астам бала тасымалданды.