Әртүрлі

Биыл жарнама мен маркетинг қызметі 15%-ға азайды

Маркетинг қызметтерінің 81,7%-ы жарнама агенттіктерінің қызметіне тиесілі. Бірақ бұл бір жыл бұрынғыдан 16,4%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info  Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр қаңтар-желтоқсанда елімізде жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтердің көлемі 355,1 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,8%-ға аз.  Бұл ретте нақты көлем индексі небәрі 85,4%-ды құрайды, бұл сектордағы қызметтердің нақты көлемінің 14,6%-ға қысқарғанын көрсетеді.

Ал 2021 жылы жарнама мен маркетинг  қызметтерінің көлемі ақшалай түрде 53,3%-ға өсіп, 376,8 млрд теңгені құраған болатын.

Өңірлерге бөліп қарастырсақ, жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтердің басым бөлігі Алматыда көрсетілген. Бір жыл бұрын 320 млрд теңге болса, осы жылы 16,5%-ға қысқарып, 267,1 млрд теңгеге жеткен. Еліміздегі барлық қызметтердің 75,2%-ы Алматы қаласында көрсетіледі.

Екінші қатарда елорда тұр. Астана қаласы бір жыл бұрынғыдан 24,3%-ға артық қызмет көлемін көрсеткен. Үздік үштікт жылдық өсімі 5,4 есе болған Қарағанды ​​облысы тұр.

Мұндай қызметтер Ұлытау, Түркістан және Жетісу облыстарында ең аз көрсетілген. Ұлытау облысында 75,2 млн, Түркістанда 195,5 млн, ал Жетісу облысында 364,5 млн теңгеге қызмет көрсетілген.

Негізінен маркетинг қызметтерінің 81,7%-ы жарнама агенттіктерінің қызметіне тиесілі. Бірақ бұл бір жыл бұрынғыдан 16,4%-ға аз. Ал керісінше, БАҚ-та жарнаманы орналастыру секторындағы қызметтер 11,6%-ға, нарықты зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу қызметтері 2,7 есеге дейін өскен.

Сонымен қатар, елімізде блогерлердің жарнамадан түскен табысына салық салу жоспарланып отыр.

Аударған Мөлдір МАНДЫБЕКҚЫЗЫ

-->