Әртүрлі

Биыл Рамазан айы қашан басталады

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалғанын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн. 

Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек. 

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты