Әртүрлі

Биыл отандық әуе компаниялары 5 миллионнан астам жолаушы тасымалдады

Жыл басынан бері еліміздегі әуе компаниялары 5,5 млн жолаушыны тасымалдады, деп хабарлады Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық.

Қазір аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 

-->

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық.

Қазір аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 

«Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.

Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге рейс ұшатынын атап өткен жөн. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар», - делінген хабарламада.