Әртүрлі

Биыл Бурабай курортына 187 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ электропойыздарымен Бурабай курортына 187 мыңнан астам жолаушы жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артық, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жазғы маусымда Бурабай курортына жеткізілген жолаушылар саны 150 мыңнан асты. Одан бөлек балаларға арналған лагерлеріне 1 900 бала жеткізілді.

Күн сайын Бурабай бағыты бойынша №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электропойызы қатынайды. Сонымен қатар Нұрлы жол вокзалынан №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электропойызы жөнелтіледі.