Әртүрлі

Биыл балабақшаларда 28 мың орын ашылды

Жыл  басынан бері  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда барлығы 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Биыл  2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.

-->

Жаңа орындарды ашу - жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді, - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.