Биыл қарсы жолаққа шыққан 75-ке жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 76 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Қарсы жолаққа шығу – жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін өрескел бұзушылықтардың бірі. Көбінесе жүргізушілер басып озып, екі ұзын жолақты немесе мұндай маневр жасауға тыйым салатын белгіні байқамай, қарсы жолаққа шығады.
«Мысалы, Павлодар көшелерінің бірінде полицейлер Daewoo Nexia көлігін тоқтатты. Себебі ол қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне өтіп, жол ережесін бұзды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды» - деді Павлодар облысының полициясы.