Биыл 9 халықаралық әуе бағыты ашылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында биыл 9 халықаралық әуебағыты ашылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің айтуынша, биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланған, оның 9-ы ашылған.
Мына маршруттар жаңартылды:
Астана – Пекин («Эйр Астана»),
Алматы – Самарқанд («Fly Arystan»),
Астана – Баку («AZAL»),
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань («China Southern Airlines»)
Мына маршруттар ашылды:
Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»),
Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2),
Астана – Сиань – Пекин («Air China»),
Шымкент – Дели («Fly Arystan»).
-->Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында биыл 9 халықаралық әуебағыты ашылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда. Бүгінде 27 елге 103 әуебағыты бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары, - деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланған, оның 9-ы ашылған.
Мына маршруттар жаңартылды:
Астана – Пекин («Эйр Астана»),
Алматы – Самарқанд («Fly Arystan»),
Астана – Баку («AZAL»),
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань («China Southern Airlines»)
Мына маршруттар ашылды:
Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»),
Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2),
Астана – Сиань – Пекин («Air China»),
Шымкент – Дели («Fly Arystan»).
Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз, - деді министр.