Биыл 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылады
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі кезде ауыл халқының табысын арттыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
Жалпы, 7 жыл ішінде жобаға 1 трлн теңгеге дейін бөлу жоспарланып отыр. 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамтиды. Сондай-ақ 350 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
-->Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Биыл қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарлануда. Бұл ретте аталған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтажын қанағаттандыру үшін бөлінетін болады, - деді Ербол Қарашөкеев.
Қазіргі кезде ауыл халқының табысын арттыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзіммен, жылдық 2,5 пайызбен микрокредиттер берілетін болады. Микрокредиттің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін - 27,6 млн теңге, - деді Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев.
Жалпы, 7 жыл ішінде жобаға 1 трлн теңгеге дейін бөлу жоспарланып отыр. 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамтиды. Сондай-ақ 350 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Жобаны іске асыруға осы жылы 17 мың микрокредит беру жоспарымен 100 млрд теңге көзделген. Бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Отбасылық шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету мақсатында өз мүшелеріне өзіндік құны бойынша қызмет көрсететін және оларға азықты нарықтық бағадан төмен бағамен сататын сервистік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр, - деді Е.Қарашөкеев.