Әртүрлі

Биыл 329 мың тонна нан өндірілді

2023 жылдың 16 қазанынан бері Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл  –  2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасы бойынша құрылған мереке. Бұл күн нанның негізгі тағам өнімдері ретінде маңыздылығын көрсетіп, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді біріктіреді.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Дүниежүзілік нан күні Қазақстанда да атап өтіледі. Бұл шешім Қазақстандық наубайшылар, ұн тартушылар мен нан пісіретіндердің еңбегіне шынайы құрмет пен танудың көрінісі болды. Белгіленген мерекелік күн Қазақстанда астық және нан өнімдерінің жоғары стандарттары мен мәртебесін нығайтуға қызмет етеді.

«Биыл  қаңтар-маусымында Қазақстан 494,1 млн АҚШ долларына 2,4 млн тонна бидай мен меслин экспорттады.Экспорттың жалпы көлемінен негізгі үлесі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстанға тиесілі. Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинады. Ұн тарту саласында жалпы қуаттылығы жылына 9,1 млн тонна астық өндіретін 270-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Отандық ұн өндірісінің көлемі елдің ішкі тұтынуынан 2 есе дерлік асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша әлемде жетекші орынға ие», - деп жазылған хабарламада.

2024 жылдың 8 айында 2 миллион тоннадан астам ұн өндірілді.

Нан өндірісі еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етеді. Нан өндірушілер халықтың нанға деген қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, нарықтағы сұранысқа байланысты шығарылатын өнім ассортиментын кеңейту бойынша да белсенді жұмыс істеуде: бұл негізінен нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, қысқа және ұзақ сақталатын ұннан жасалған өнімдер.

8 айда 329 мың тонна нан өндірілді.