Әртүрлі

Биыл 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының көлемі өсіп жатыр. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі елде 14,9%-ды құрады. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ол құрылыстың өсуі 17 өңірде тіркелгенін атап өтті, бұл ретте ең үлкен өсім Астана (41,8%-ға), Алматы (37,7%-ға) қалалары мен Солтүстік Қазақстан (27,3%-ға), Ақмола (26,4%-ға) және Түркістан (25,5%-ға) облыстарында байқалады.

«12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,4%-ға артық», - деп атап өтті Азамат Әмрин.

Ведомствоның мәліметінше, ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау (24,6%-ға) және Жетісу (9%-ға) облыстарында, сондай-ақ Алматы (16%-ға), Түркістан (8,4%-ға) облыстарында, Алматы қаласында (18,2%-ға) байқалады.