Әртүрлі

Биыл 112 бағыт бойынша жүретін пойыздар бейнекамералармен жабдықталады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылықты және жедел ден қоюды арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Пойыздарда 4 мың камера орнатылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады, онда мамандар жағдайды жедел бақылайды және стандартты емес жағдайларды талдайды.

«Бейне жүйелер ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, бұзушылықтарды тіркеуге және қалдырылған заттарға ден қоюға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқық бұзушылықтар 2024 жылмен салыстырғанда 21% төмендеп, шағымдар 32% азайды және ұмытылған заттардың 91% иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Барлық жаңа жолаушылар вагондары интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізілуде.