Әртүрлі

Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбынды армия – қасиетті жерімізді және елімізді қорғайтын сенімді қалқан» деген болатын.  Мемлекеттің тәуелсіздігін баянды ететін, шекарасы мен қауіпсіздігін күзететін және аумақтың тұтастығын сақтайтын негізгі күш – ол әрине қуатты әскер. Кез-келген елдің әскерінің қуатты болуы үшін халықаралық тәжірибені меңгеру маңызды. Қазақстандық әскерилер қазір Батыс Сахарада, Орталық Африка, Конго Демократиялық Республикасында, Ливанда қызмет етіп, тәжірибе жинақтап жатыр. Сондай-ақ, жақында Қарулы күштердің бітімгерлік контингенті «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына аттанды. Elorda.info тілшісі Отан қорғаушылар күні қарсаңында Таяу Шығыстың Голан жотасындағы Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгерлік контингенті сапында қызмет атқарып жатқан бөлімше командирі Рафик Давлетовпен сұхбаттасып, жат елде жауынгерлік қызмет етіп жүрген әскерилеріміздің жағдайымен танысты.

- Рафик Мажидұлы Голан жотасында қазір қанша қазақстандық әскери қызметші бар және олардың алдына қойылған негізгі міндеттері қандай?  

Голан жотасына Қазақстаннан 139 әскери қызметші келдік. Олардың ішінде 20-дан астамы бұған дейін басқа жерлердегі бітімгершілік миссия құрамында болған, тәжірибелі мамандар. Бұл жердің климатына бейімделіп үлгердік, тұрмысымен, географиясымен жақсы таныспыз. Қазақстандық әскери қызметшілер Фауар деген базаға орналасты.

Қазақстандық рота UNDOF миссиясындағы қолбасшының негізгі резерві болып табылады. Бұл резерв өте маңызды рота. Қазақстандық әскерилер базадағы жауынгерлік дайындығы мықты, шеберлігі жоғарғы рота санатында. Миссия қолбасшысынан түскен әрбір тапсырманы бұлжытпай, мүлтіксіз орындау – біздің міндет.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай 85 шақырым, батыстан шығысқа қарай 30 шақырым аумақтың тыныштығын күзетеміз. Бұл UNDOF миссиясының жауапкершілік аймағы.

Бізге берілген аймақта 5 бақылау бекеті орналасқан. Бақылау бекеттеріне қауіп төнген жағдайда шұғыл әрекет ету, бақылаушыларды эвакуациялау және сол бекеттерді күшейту шараларын атқару бізге жүктелген. Сондай-ақ, миссия мандатына сәйкес рота базаның қорғанысын қамтамасыз етеді, мобильдік және жаяу патрульдеуге шығады. Жалпы  қазақстандық бітімгерлер үшін айтарлықтай қиындық жоқ, себебі бұл жаққа бәріміз жіті дайындықпен келдік. Күн тәртібі туралы айтсам, біз таңғы 6-да ұйқыдан тұрамыз. 10 минуттан кейін таңғы жаттығу басталады. Одан әрі таңғы ас, сосын бізге бекітілген аймақта кешегі күні болған жағдайлар туралы ақпаратпен танысамыз. Әрі қарай жаттығулар, сабақтар, дайындық және берілген тапсырмаларды орындау басталады. Әр әскери қызметшінің өз міндеті бар. Мысалы жүргізушілер көлікке, техникаға жауапты. Яғни техника кез келген уақытта сақадай сай тұруы тиіс. Қару-жарақ, күзет бәрі солай.

- Бітімгершілік миссиясының құрамына іріктеу қалай жүрді, Үміткерлер көп болды ма?

Бітімгершілік миссиясы сапына кез келген әскери қызметші алынбайды. Осыдан-ақ оның абыройлы әрі жауапты міндет екенін көруге болады. Өтініш білдіргендер көп болды, алайда 139 адам ғана қабылданды. Дене шынықтыру және бітімгершілік миссиялары сабақтарынан сынақ тапсырдық.

- Голан жоталарында қазіргі уақытта біздің елден бөлек тағы қандай елдердің әскери қызметшілері бар?

- Бұл жерде қазіргі уақытта Непал, Уругвай, Үндістан, Ирландия мемлекеттерінен келген біз секілді бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген әскери қызметшілер бар. Әрбір мемлекеттің казармасы бөлек, алайда барлығымен байланыстамыз. Кейде әскери қызметшілер арасында футболдан, волейболдан жарыстар ұйымдастырылады.

- Сіз бұған дейін де бітімгершілік миссиясы құрамында болдым дедіңіз. Сол туралы айтып өтсеңіз?

Мен келісімшарт арқылы 2011 жылдан бері әскери қызметтемін. 2019 жылы Ливан мемлекетіндегі бітімгершілік миссиясында, 3-ші Қазақстан ротациясында, Үндістан батальонының құрамында болғам. Онда бөлімше командирі лауазымын атқардым. Негізі Үндістан бітімгершілік миссия бойынша озық мемлекет болып саналады, бұл салада 30-40 жылдық тәжірибе жинақтап үлгерген.  Әр миссияда Үндістан мемлекетінің әскери қызметшілерін кездестіресіз. 2019 жылы үндістердің командалық курсына қатысқан болатынмын, содан бері біраз сөздерін, салт-дәстүрлерін білемін. Бұл жақта олардың тілінде сөйлесем қуанып қалады. 

Ливан мен Голан биіктеріндегі миссияның айырмашылығы бар. Ливанда тәулік бойы патрульдік-күзет ұйымдастырылатын. Қазір белгіленген әскери талаптарға сәйкес түнде патрульге шықпаймыз.

- Жергілікті тұрғындардың сіздермен қарым-қатынасы қалай?

Кезінде Сұлтан Бейбарыс осы мемлекеттерді билегені тарихтан мәлім. Жергілікті тұрғындардың бізге деген қарым-қатынасының жақсы болуына бұл фактор да әсер етеді деп ойлаймын. Көрген жерде амандасып жатады, өздерінің тарихын айтып, бізден де жағдай сұрайды. Жалпы адамдары жақсы, ашық. 

- Қазақстандық әскерилер үшін халықаралық миссияның құрамында болудың маңызы қандай?

Халықаралық бітімгершілік бағдарламаға қатысудың стратегиялық маңызы бар. Әскери, қорғаныс саласындағы үздік тәжірибені игеруіміз қажет. Мұндағы әскери қызметшілердің техникасы, әскери жабдықтармен жарақтандырылуы, қару-жарағы, қауіп-қатерде, сын сағатта әрекет ету тәсілін меңгеруіміз қажет.

Мысалы бекеттерді немесе бақылау пунктерін қорғау, тазалау жұмыстарын жүргізу, егер қарсыластар бекеттерді жаулап алса дұрыс әрекет ету, адамдарды эвакуациялау, қауіпсіздікті күшейту жолдарын үйренеміз. Жалпы соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді. Біз соғыс жоқ, бейбіт елде тұрып жатырмыз. Сол үшін халықаралық бітімгершілік миссияларына қатысу арқылы тың тәжірибе жинау қажет. Миссия 2025 жылы наурыз-сәуір айында аяқталады, сол уақытқа дейін көп әдіс-тәсілді үйреніп, елге мол тәжірибемен барамыз деп ойлаймын.

- Сұхбатыңызға рахмет. Аман-есен елге оралуыңызға тілектеспіз!

-->