Әртүрлі

Бишімбаевтың қорғаушылары сотта «кісі өлтіру» сөзін қолдануға қарсы шықты

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Сот отырысы кезінде экс-министрді қорғаушылардың бірі Лейла Рамазанова Салтанат Нүкенованың өлімін «кісі өлтіру» деп атамауды және жәбірленуші тараптың қорғаушысына ескерту жасауды талап етті.

Бұл пікірге жәбірленуші тараптың қорғаушысы жауап берді.

Бүгінгі сот отырысында іске қатысты марқұм С.Нүкенованы  ұялы телефоны қаралып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы марқұмның ватсап әлеуметтік желісіндегі хат алмасуларын және фотосуреттерді ұсынып жатыр.  

-->

Жанна Уразбековаға ескерту жасауыңызды сұраймын. Өйткені ол «кісі өлтіру» деп айтуды жалғастыруда, - деді Л.Рамазанова сотта.

Бұл пікірге жәбірленуші тараптың қорғаушысы жауап берді.

Лейла Рамазанова маған Салтанат Нүкенованы өлтіруді «кісі өлтіру» деп атағаныма байланысты бірнеше рет ескерту жасауды сұрады. Өкінішке орай, осы тұрғыда басқа сөздерді қолдана алмаймын, - деді Уразбахова.