Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін БАҚ өкілдеріне сот залынан ақпарат таратуға қайта рұқсат берілді, деп хабарлады Elorda.info ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.
Бұған дейін журналистер сот залынан шығарылған болатын. Бұған телеарналардың бірінде алқабилердің көрсетілгені себеп болды. Осыдан кейін барлық журналист сот залынан шығарылды. Алайда сот процесі сот басталғалы бері онлайн трансляцияланып жатыр. Бүгін судья Айжан Құлбаева сот процесін тікелей сот залынан көрсеткісі келетін журналистер сот залына қайта орала алатынын хабарлады.
Айыптаушы тарап пен жәбірленуші тараптың адвокаттары журналистерді қабылдауға қарсылық білдірмеді. Тек Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов БАҚ өкілдерін қабылдауға қарсы екенін білдірді.
-->Бұған дейін журналистер сот залынан шығарылған болатын. Бұған телеарналардың бірінде алқабилердің көрсетілгені себеп болды. Осыдан кейін барлық журналист сот залынан шығарылды. Алайда сот процесі сот басталғалы бері онлайн трансляцияланып жатыр. Бүгін судья Айжан Құлбаева сот процесін тікелей сот залынан көрсеткісі келетін журналистер сот залына қайта орала алатынын хабарлады.
Сот процесі ашық сот тәртібінде өтіп жатқанын ескере отырып, Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің ашықтығы қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында сот БАҚ өкілдерін сот отырысы залына кіргізу қажет деп санайды, - деді судья.
Айыптаушы тарап пен жәбірленуші тараптың адвокаттары журналистерді қабылдауға қарсылық білдірмеді. Тек Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов БАҚ өкілдерін қабылдауға қарсы екенін білдірді.