Бишімбаев тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нурбеков Қуандық Бишімбаевтың өз-өзіне қол салу әрекеті бойынша сұрақ қойды.
Айыпталушы өз сөзінде, мұндай әрекетке тергеу изоляторында барғанын жеткізді.
Прокурор Бишімбаевты тергеу изоляторында жеке бақылағанын және сол бес айдың ішінде экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне бармағанын айтты.
-->Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нурбеков Қуандық Бишімбаевтың өз-өзіне қол салу әрекеті бойынша сұрақ қойды.
Салтанаттың өлімі туралы анықталған кезде көңілім қатты түсті. Күйзеліске түстім, – деп жауап берді Бишімбаев.
Айыпталушы өз сөзінде, мұндай әрекетке тергеу изоляторында барғанын жеткізді.
Прокурор Бишімбаевты тергеу изоляторында жеке бақылағанын және сол бес айдың ішінде экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне бармағанын айтты.
Мен мұндай әрекетті камерадан көріп, біреу тоқтатсын деп немесе тергеу изоляторы қызметкерлері көрсін деп істемек болған жоқпын. Мен егер оны жасаған уақытта ешкім білмейтіндей етіп жасағым келді. Сондықтан сіз оны көрген жоқсыз,- деп жауап берді Бишімбаев.