Әртүрлі

Бишімбаев ісі: Прокурордың атынан жалған парақша ашылған

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының атынан Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашылған. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомствоның мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісінде aijan.aimaganova деген парақша анықталды.

Парақшаға 15 000 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Бас прокуратура ақпаратынша, парақшада келесі жазба жарияланған:

Осы ретте прокуратура өкілдері бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан ашылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

-->

Құрметті қазақстандықтар! Парақшаны жеке адамдардың өтініші бойынша аштым. Бірақ, мен блогер емеспін. Сіздердің жеке хаттарыңызға жауап бере алмаймын. Жекеге шығып жазбаңыздар. Жауап бермей, сіздерді ренжітіп алуым мүмкін. Мен кәдімгі прокурормын... Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеуге уәде беремін!.