Әртүрлі

Бірнеше өңірде арнайы операция өткізіліп, қылмыстың топтың 50 мүшесі қамауға алынды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесі қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд. теңгеден аса мүлік тонаған.

«Ұйымдасқан топ қылмыс пен деструктивті діни орта өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған. Тінтулер барысында банк карталары, ірі көлемдегі ақша, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды. Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп көрсетті ҰҚК.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.