Әртүрлі

Бірқатар халықаралық рейстерді ашу бойынша жаңа келісімдерге қол жеткізілді

ҚР Көлік министрлігі жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша, оның ішінде шетелдік әуе компаниялар бойынша рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Т.Ластаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өткен Әуе қатынасы туралы келіссөздер жөніндегі ИКАО (ICAN-2024) іс-шарасына қатысты.

ICAN-2024 16-шы рет өткізілді және халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту бойынша Ұйымға мүше елдердің кездесулерін ұйымдастыру мақсатында өткізілетін ИКАО-ның маңызды іс-шараларының бірі болып табылады.

Іс-шараға ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза қатысты және ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша 70-тен астам елден 700-ден астам қатысушы болды, оның барысында 800-ге жуық екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қатысушылар арасында қатысушы елдердің азаматтық авиация саласына жауапты 14 Министр мен министрлердің орынбасарлары болды.

ICAN-2024 алаңында ИКАО кеңесінің президенті С. Шаккитано мырзаның қазақстандық делегациямен кездесуі өтті. Шаккитано мырза Қазақстан Республикасының елдегі әуе тасымалы нарығын ырықтандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының барысын жоғары атап өтті және 2025 жылы Қазақстанға бару ниетін растады.

Осы іс-шара аясында қазақстандық делегация Ресей Федерациясының, Сингапурдың, Малайзияның, Ұлыбританияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Вьетнамның, Грузияның, Марокконың, Эфиопияның және Руанданың авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша елдермен тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстандық делегация сондай-ақ Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары В.В. Потешкинмен кездесу өткізді, оның барысында ғарыш станциясына туризмді дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейден Байқоңыр қаласына әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, 4 елмен (Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Руанда) рұқсат етілген жиіліктер саны 5 еседен астам ұлғайтылды (аптасына 14-тен 73 рейске дейін). Сондай-ақ, 5 елмен (Сингапур, Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Грузия) "ашық аспан" режимі орнатылды, оның ішінде тасымалдаушыларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығы берілді. Сонымен қатар, келіссөздер барысында Ұлыбританияға рейстерді орындау құқықтары бекітілді