Әртүрлі

Бір айда кәмелетке толмаған 15 бала жол апатынан көз жұмды

Кісі өлімімен аяқталып жатқан мұндай апаттар қарапайым ережелердің еленбеуінен дейді полицейлер. 

Тек, жарты айдың өзінде осындай 175 мың жол қозғалысы ережесін бұзу жағдайы тіркелген. 800-ге жуық адам мас күйінде көлік жүргізіп, айып тұрағына шамамен 4 жарым мың автокөлік қойылған. 

-->

 «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында 15 ақпаннан бастап балалардың жол-көлік жарақатына бағытталған «Сіздің балаңыз — жолаушы!» акциясы өткізілуде. Республика бойынша бір айда кәмелетке толмаған 15 баладан айырылдық, оның 12-сі жолаушы болды және ата-аналардың абайсыздығынан қаза тапты, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.