Әртүрлі

Білім грантына қолы жетпегендер грант иегері атануы үшін не істеу керек

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл мемлекеттік білім грантының байқауында грант иеленбеген талапкерлер қосымша мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін Call-орталығына хабарласуына болатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elоrdainfo.kz.

Call-орталығының байланыс нөмірлері:

8(7172) 69-50-69;

8(7172) 69-52-92;

8(7172) 69-50-71. 

«2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз», – делінген хабарламада.

Call-орталығының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00 аралығы. 

Еске салайық, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры талапкерлерге 850 білім беру грантын бөлген болатын. Одан бөлек, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов грант иеленудің түрлі жолдары бар екенін түсіндірген болатын.